Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен Приташкент трансшекаралық сулы қабатын қорғау және орнықты пайдалану саласындағы ынтымақтастық
Гидродинамикалық және геоэкологиялық процестерді модельдеу зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Валентина Рахимова — Қазақстан делегациясының құрамында 2026 жылғы 1 шілдеде Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен Приташкент трансшекаралық сулы қабатын қорғау және орнықты пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған Қазақстан мен Өзбекстанның алғашқы екіжақты кеңесіне қатысты.
Іс-шара «Өзбекгидрогеология» мемлекеттік мекемесінің базасында өтіп, Су ресурстарын бағалау халықаралық орталығы (МЦОВ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаның алғашқы офлайн іс-шарасы болды.
Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Приташкент трансшекаралық сулы қабатының ресурстарын қорғау және орнықты пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумды әзірлеудің тұжырымдамалық тәсілдерін талқылау, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.
