Бекітілді
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС директорының
№04-03/30-ОД бұйрығымен
2022 жылғы «01» желтоқсандағы
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Жалпы ережелер
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, «У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес, Серіктестіктің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші – Құқықтық және кадр жұмысы бөлімі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
- қоғамдық қатынастар саласында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарларының алдын алу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қағидаттары:
- заңдылық;
- ашықтық (транспаренттілік);
- этикалық болу;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
- мүдделер қақтығысына жол бермеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты Серіктестік қызметкерлерінің сақтауы міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында, Серіктестіктің ішкі актілерінде белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өз мойнына алуға;
- Серіктестіктің қызмет саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көрінісіне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың кез келген фактілерін тоқтатуға;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат түскен кезде мұндай құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату жөнінде барлық шараларды қабылдауға;
- өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға;
өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
- өз әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеуге. Мұндай фактілер болған жағдайда оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
- өз лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға;
- мүдделер қақтығысына жол бермеуге. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оның алдын алу және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;
ішкі құжаттардың жобаларын дайындау кезінде:
- қабылданатын ішкі құжаттарда Серіктестік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық және өзге де құқыққа қайшы сипаттағы әрекеттер жасауына алғышарттар туғызатын сыбайлас жемқорлық нормаларды анықтау мақсатында талдау мен сараптама жүргізуге және оларда тиісті ескерту шараларын көрсетуге;
- Серіктестіктің қабылданған ішкі құжаттары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуге. Оларда сыбайлас жемқорлық нормалары бар екені анықталған жағдайда оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
7.7. өз міндеттерін атқару кезінде туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастарда:
- өз мінез-құлқымен әділдіктің, адалдықтың және парасаттылықтың үлгісі болуға;
- функционалдық міндеттерін атқарумен үйлеспейтін қызметпен айналыспауға;
- жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың тікелей бағыныштылық жағдайында бірлескен қызметке (жұмысқа) жол бермеуге;
- ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе олардан пайда табу мақсатында пайдаланбауға;
- қызметтік өкілеттіктерді атқаруға байланысты сыйлықтар қабылдамауға;
- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қызметтік жағдайды пайдаланбауға;
- құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауға, сондай-ақ жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларға сай келмейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;
- өз лауазымдық міндеттерін атқару кезінде тек объективті және дұрыс мәліметтер беруге, өзге қызметкерлердің, контрагенттердің және өзге де тұлғалардың әрекеттеріндегі белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы басшылыққа дереу хабарлауға;
- басшылыққа қатысты жеке берілгендік көрсетуге, олардың лауазымдық мүмкіндіктері есебінен пайда мен артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар
Серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген… (бастапқы құжаттағы мәтін осы жерде үзіледі)