Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің ашық конкурстарының нәтижелері бойынша келесі бағдарламалар мен жобалар іске асырылды/жүзеге асырылуда:

  1. «Қазақстанның жер асты сулары» (2012-2014 жж.);
  2. «Қазақстан Республикасында таза энергия көздерін дамыту» (2013-2017 жж.);
  3. «Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі – тұрақты сумен жабдықтау стратегиясы» (2015-2017 жж.);
  4. «Климаттық және антропогендік өзгерістер жағдайында Қазақстан Республикасындағы жер асты суларын ұтымды пайдалану мен қорғауды ғылыми, әдістемелік және геоақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету» (2018-2020 жж.);
  5. Грант «Қазақстандағы жер асты суларының гидрогеохимиялық жағдайларының климаттық және антропогендік әсерлер жағдайындағы өзгерістерін бағалау» (2018-2020 жж.);
  6. № AP05131239 «Географиялық ақпараттық жүйелердің көмегімен гидрогеологиялық карталарды құрылымдаудың ғылыми-әдістемелік негізін жасау» тақырыбындағы грант (2018-2020 жж.);
  7. № AP05130934 «Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі емдік балшықтарды гидроминералды шикізат ретінде сапалық және сандық бағалаудың инновациялық әдістемесін жасау» тақырыбындағы грант (2018-2020 жж.);
  8. «Қазақстан Республикасының халықты тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі және ұзақ мерзімді резерві ретінде жерасты тұщы суы ресурстарын бағалау»»(2021-2023 ж.);
  9. «Қазақстанның термоминералды және өнеркәсіптік жерасты суларының жылу-энергетикалық, минералды-шикізаттық және емдік-сауықтыру әлеуеті. Табиғи-климаттық өзгерістер мен антропогендік жүктемелер әсеріндегі жерасты суларының гидрогеохимиялық көрсеткіштерінің өзгеру күйі мен тенденцияларын бағалау» (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің бұйрығымен) (2021-2023 ж.);
  10. Грант №ИРН AP09260877 «Жамбыл облысының ауылдық жерлерін тұрақты дамыту үшін жерасты суларының шапшымалық (өзінше ағу) пайдалану перспективасын бағалау» (2021-2023 ж.).