Миссиясы: Қазақстанда жер асты суларын пайдалану кезінде экономикалық тиімділік пен экологиялық тұрақтылықты ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
Зерттеудің негізгі бағыттары:
- Жер асты суларының кен орындарын іздеу, барлау және игеру
- Жер асты суларын көп мақсатты пайдалану және қорғау
- Климаттық және техногендік өзгерістер жағдайында жер асты суларының қалыптасуын зерттеу.
- Ауыз сумен жабдықтау, жерді суару және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау үшін жерасты суларын басқарудың болжамды сценарийлерін әзірлеу
- Гидроминералды шикізат пен гидрогеотермалдық ресурстарды көп мақсатты пайдалану.
- Гидрогеологияның қолданбалы мәселелерін шешу үшін математикалық және геоақпараттық модельдеудің әдістері мен технологияларын әзірлеу