Сыдықов Журымбек Сыдықұлына арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті

2022 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан геологтарының кәсіби мерекесі қарсаңында У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институтында көрнекті ғалым, Қазақстанның Гидрогеология ғылымының негізін қалаушы, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Ұлы Отан соғысының ардагері Сыдықов Журымбек Сыдықұлына арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімге Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры М. М. Бегентаев, ҚР ҰҒА президенті М. Ж. Жұрынов, ҚР ҰҒА академигі Б. Р. Рақышев, ҚР ҰҒА академигі С. Қ. Қожахметов, ҒЗИ директорлары, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *